Media Image

18 сәуір 2025

Университетте оқушыларға арналған пәндік олимпиада өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен Атырау облысы мен қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша олимпиада өтті.
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және дарынды оқушыларды анықтай отырып, оларды жоғары оқу орнында білім алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қала мен облыс мектептерінен келген үздік оқушылар қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін сынады.
Олимпиадаға математика пәні бойынша 103 оқушы, информатика пәні бойынша 40 оқушы, физика пәні бойынша 30 оқушы қатысты. Білім додасында қатысушылар күрделі есептерді шешіп, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Шара соңында екі турдан тұратын олимпиададан жүзден жүйрік шыққан оқушылар университет атынан арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Университет басшылығы тарапынан олимпиада жеңімпаздарына Атырау университетіне оқуға түсуде 3 оқушыға – 100%, 6 оқушыға – 50%, 10 оқушыға – 30% жеңілдіктер ұсынылды.
Олимпиада жеңімпаздары:
Математика пәні бойынша:
I орын – Нуршат Сарсенбаева;
II орын – Ботагөз Мирамбекқызы, Сабина Сираж;
IIІ орын - Джамиля Муратова, Диар Құспан, Алихан Абзал, Алим Наильев.
Информатика пәні бойынша:
I орын – Ақбота Нұрлыбекова;
II орын – Айбек Сағынғали, Таир Туленов;
III орын – Нурия Төлеген, Диас Сериков, Даулет Сагитов.
Физика пәні бойынша:
I орын – Ислам Халидолла;
II орын – Диас Нұрсипат, Нұрсұлтан Рахымғали;
IIІ орын – Егор Собин, Александр Борзиков, Абат Меңдіхан.