Media Image

17 сәуір 2025

Татарстанның ғылым қайраткері Альберт Бурханов Атырау университетіне келді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, тарихшы Альберт Бурханов арнайы келіп, студенттер мен оқытушылар құрамына мазмұнды дәріс оқыды.
Ғалым дәріс барысында Еуразия өңірлеріндегі Алтын Орда дәуірінің археологиясы мен сәулет ескерткіштерінің зерттелу тарихы, оларды сақтау, абаттандыру және туризм мен тәрбие мақсатында пайдалану мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Орталық Азия, Қазақстан және Еділ-Орал өңірлеріндегі, соның ішінде Ұлы Жібек жолы бойындағы көне және ортағасырлық қалалардың тарихи маңызы мен археологиялық ерекшеліктері жайлы кең көлемде мәлімет берді.
Сапар барысында Альберт Бурханов Атырау университетінің кітапханасына өзінің бірқатар ғылыми еңбектерін сыйға тартты. Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисовке «Еуропа-Азия» халықаралық гуманитарлық академия академигі куәлігін табыс етті. Сонымен қатар, Татарстан ғалымы ректор Саламат Идрисов пен ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Қансұлу Өтепқалиеваға арнайы алғыс хаттар табыс етті.