
3 наурыз 2025
Құттықтаймыз!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басшылығы мен ұжымы атынан авторлар Р.Ш.Абдиновты, Ж.К.Кадашеваны, А.А.Алешованы, А.Б.Мұхамединаны Болат Мұхамбетовтың жетекшілігімен «Жатаған изенді өсіру тәсілі» пайдалы моделі бойынша патент алуымен құттықтаймыз!
Болат Мұхамбетов - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің зерттеуші ғалымдарының бірі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Биология, геоэкология және құрқақ жемшөп өндірісі» ғылыми-өндірістік орталығының директоры, өңірдің ғылымын дамытуға зор үлес қосып жүрген ғалым, бірнеше патенттердің авторы, ғылыми жобалардың жетекшісі.
Бұл патент 2023-2025 жылдарға арналған «BR 21881871- «Тұрақты басқару контекстінде Қазақстанның жемшөп алқаптарында жемшөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін әзірлеу» ПЦФ жобасы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алынды.
Ғылыми әлеуетке қосқан үлесі үшін Болат Мұхамбетовті құттықтай отырып, зор денсаулық, мол табыс, ғылыми ізденістерде жаңа жетістіктер тілейміз!
