Халелтану

1994 жылы 23 мамырдағы Министрлер Кабинетінің шешімімен Атырау педагогикалық институтының ғұлама ғалым, профессор Халел Досмұхамедовтың есемі берілді. Ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімінің ортамызға қайта оралуы оның жан-жақты сарқылмас ғылыми мұрасын зерделеуге және Халел тағылымын терең зерттеуге мүмкіншілік жасады.

Жоғары білім беруді одан әрі жетілдіру, мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау аймақтың жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті өзінің 1994 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогика институты - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті болып қайта құрылды. Оның құрамына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мұнай және газ институты болып аталған Қазақ ұлттық-техникалық университетінің Атырау филиалы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогика институтының Ақтау филиалы, Атырау педагогика училищесі, Атырау политехникалық техникумы және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты енгізілді.

Ғұлама ғалымның ғылыми мұралары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жекеленген кафедралары оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына енгізілді. 2003 жылдан бастап, университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Халелтану» курсын университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспарына енгізілді. Осы жылы п.ғ.д., профессор Қ.Б.Сейталиевтің және п.ғ.к., доцент Ғ.Базарғалиевтің құрастыруымен «Халелтану» курсының бағдарламасы мен «Халелтану» оқулығы баспадан 15 б.т. көлемінде жарық көрді. Және 2024 ж. қараша айынан бастап университетте «Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды ашылды.

                     

                                                                                                 Х.Досмұхамедов бюстісіне гүл шоғырын қойып, тағзым ету салтанатынан