Х.Досмұхамедовтың еңбектері

     Бірінші том. Жан саулығы
       
Х.Досмұхамедұлы
      
Шыққан жылы: 2017
      
Беттер саны: 432Баспасы: «Арыс» баспасы, Алматы
     
Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Бірінші том. Жан саулығы/Құраст.проф. Ғ.Әнес. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. — 432 бет + 16 бет суретті 
      жапсырма. 
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) шығармашылығының толық жинағы
      — «Еңбектерінің» үш томдығы тұңғыш рет жарық көріп отыр. Ғалымның таңдамалы жинағының бірінші томына оның қазақ тарихы мен шежіресіне, әдебитеі мен тіліне
     қатысты еңбектері топтастырылған. Кітап қазақ руханиятымен қызығушы әрбір жанға, әсіресе студенттерге, магистранттарға, жас мамандарға арналады.

 

        Үшінші том. Жануарлар
       
Х.Досмұхамедұлы
       
Шыққан жылы: 2017
       
Беттер саны: 536   Баспасы: «Арыс» баспасы, Алматы.   Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Үшінші том. Жануарлар/Құраст.проф. Ғ.Әнес. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. — 536 бет.  Көрнекті мемлекет            және қоғам   қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі,  профессор Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) шығармашылығының толық жинағы — «Еңбектерінің» үш томдығы тұңғыш рет жарық көріп отыр. Ғалымның
       таңдамалы жинағының  үшінші томын оның ХХ ғасырдың басында жарық көріп, үш реттен басылған, үш кітаптан тұратын «Жануарлар» атты оқулығы құрап отыр. Кітап қазақ руханиятымен қызығушы әрбір жанға, әсіресе
      студенттерге, магистранттарға, жас мамандарға арналады.

    
 

            Екінші том. Тән саулығы  
           
Х.Досмұхамедұлы
              
Шыққан жылы: 2017
           
Беттер саны: 496 
           
Баспасы: «Арыс» баспасы, Алматы.   Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Екінші том. Жануарлар/Құраст.проф. Ғ.Әнес. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. — 496 бет.  Көрнекті мемлекет және қоғам
           қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, 
профессор Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) шығармашылығының толық жинағы — «Еңбектерінің» үш томдығы тұңғыш рет жарық көріп отыр.  Ғалымның таңдамалы
           жинағының екінші томын оның ХХ ғасырдың 
басында жарық көрген «Адамның тән тірлігі» және «Табиғаттану» атты оқулықтары құрап отыр. Кітап қазақ руханиятымен қызығушы әрбір жанға, әсіресе   студенттерге,
          магистранттарға, жас мамандарға арналады.

 

        Аламан  
      
Х.Досмұхамедұлы 
      
Шыққан жылы: 1991 
      
Беттер саны: 176. Баспасы: Ана тілі. Аламаты Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Аламан (Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар) — Ғарифолла Әнес, Аманқос Мектепов, Шәмшәдин Керімов)
     — Алматы: Ана   тілі, 1991. 176-бет.  
30-жылдары зобалаңының құрбаны болған белгілі ғалым, дәрігер, тарихшы әрі қоғам қайраткері Х.Досмұхамедұлы әдебиет тарихы мен теориясы және тіл мәселелері жөнінде де құнды
    еңбектер жазды. Қазақ халқының әдебиеті  үлгілерін жинап «Аламан» атты хрестоматия құрастырды. Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын терең ғылыми зерделікпен талдады. Қазақ, қырғыз тіліндегі үндестік
    заңын зерттеді. Ғалымның қазір де  маңызын жоймаған осы еңбектері араға жетпіс жылдай уақыт салып, оқушылармен қайта табысып отыр.




       Халелтану арнаулы курсының бағдарламасы
       
Ғ.Б.Базарғалиев   
      
Шыққан жылы: 2002
       
Беттер саны: 16   Баспасы: Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті  Кітап туралы мәліметтер: Базарғалиев Ғ.Б. «Халелтану» атты арнайы курстың бағдарламасы. — Атырау, 16-б, 2002  Бағдарламада ғұлама ғалым,
      
ағартушы, педагог,  профессор Халел Досмұхамедовтың ағартушылықғылыми-педагогикалық мұрасына талдау жасалады. Бағдарлама мамандыққа кіріспе және педагогика тарихы курстары бойынша  арнаулы курс ретінде
        университеттер мен  институттардың барлық мамандықтарына арналған.



 

        Халқымен етене Халел Хакім
       
Төлеген Жаңабайұлы      Шыққан жылы: 2018      Бет саны: 206      Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, Алашорда қозғалысының батыс бөлімшесіндегі екі қолбасшының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, бірегей  ғалым, профессор     
      Халел Досмұхамедов туралы айтылар әңгіме де,   шертілер сыр да  сан тарау. Жазушы-өлкетанушы, Қазақстанның құрметті  журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты,
      Қызылқоға ауданының құрметті азаматы   Төлеген Жаңабайұлы  өзінің публицистикалық баянында солардың ішіндегі баршаның құлағына жетіп үлгермеген кейбір деректерді, сондай-ақ оның туған өңіріне, өскен ортасына,
     ағайын-туыстарына қатысты жайттарды  қамтуды көздеген.  Халел есімінің халқына қайта оралған шақтағы жарқын сәттер мен түйткілді тұстарды да қаламынан тысқары қалдырмаған. Кітап қалың оқырман
      қауымға, оқу орындарының ұстаздары мен  студенттерге арналған.

https://drive.google.com/file/d/1G46I-qrmlTCk1Q1z2FGacfB9mrhPWBID/view?usp=sharing 

 

   Оқушының саулығын сақтау.
   Сохранение здоровья учащихся.
   Maintaining the health of students.
  Анарбек Регина Қуанышбекқызы
   
Шыққан жылы: 2023 Бет саны: 20 Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, ағартушы, жаратылыстанушы Халел Досмұхамедұлының «Оқушының саулығын сақтау» кітапшасын барлық студенттерге арнап үш  (қазақ, орыс, ағылшын) тілде ауыдарылды.

https://drive.google.com/file/d/1DoA1z1KdWXpC-dCaJspRa1lvkWAQNm9v/view?usp=sharing